905Аяулы ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған «Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі» тақырыбында салтанатты шара өтті.
Белсенді студенттердің ұйымдастыруымен өткен жиынға колледж студенттері мен мереке иелері ұстаздарымыз қатысты.
Айтулы күнге орай колледж директоры Ерімбетов Көктем Ағарысұлы ұзтаздарды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, колледж оқытушылары облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Қызылорда облысының білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты жиын соңы әсерлі концерттік бағдарламаға ұласты.

903

904